АКЦИЯСЫНЫҢ РЕСМИ ЕРЕЖЕЛЕРІ

 

 «Қантсыз Coca-Cola Жаңа Жыл»акциясы(әрі қарай – «Акция») Қазақстан, A05D0G0, Алматы қ., Алмалы ауданы, Гоголь көш. 203/73 мекен-жайы бойынша тіркелген «Кока-Кола Алматы Боттлерс» БК ЖШС-мен (әрі қарай - «Ұйымдастырушы») 2019 жылғы 1 қарашадан 2020 жылғы 15 қаңтарына дейінгі кезеңде (екі күнді қоса алғанда) Қазақстан Республикасы аумағында өткізіледі.

1-ТАРАУ. АКЦИЯҒА ҚАТЫСАТЫН ӨНІМ

Акцияға қатысушы (әрі қарай – «Қатысушы») болу үшін ,пластик бөтелкедегі арнайы алтын түсті пластик қақпағы бар, (бұдан әрі – «Қақпақ(тар)») «Coca-ColaClassic» сыйымдылығы 2 литр немесе «Қантсыз Coca-Cola» сыймдылығы 1.75 литр, «Fanta Апельсин» сыйымдылығы 1.75 литр немесе «Sprite» сыйымдылығы 1.75 литр  сусынын (бұдан әрі – «Өнім») сатып алу қажет.

Барлық өтініштер мен табысталған Қақпақтар Ұйымдастырушы тарапынан тексеріледі. Қақпақтың(тардың) шынайылығына қатысты  қандай да бір дау туындаған жағдайда Ұйымдастырушының шешімі ақырғы болып табылады.

2-ТАРАУ. ЖҮЛДЕЛЕР СИПАТТАМАСЫ

1)     Сыйымдылығы 1литр,пластикбөтелкедегі «ҚантсызCoca-Cola» сусынының (бұдан әрі – «Сусын(дар)») 2.500.000 данасыныңбірі,

2)     500 000 Полярлық Аю Ойыншықтарының (бұдан әрі – «Ойыншық(тар)») бірі

Акцияға қатысатын белгілі бір Промо орталығында (бұдан әрі – «Промо Орталық(тар)»)болған жағдайда Сіздікі болуы мүмкін.Сусын(дар) мен Ойыншық(тар) бірге Жүлделер ретінде аталады.

Ешбір жағдайда Жүлделердің жалпы саны осы 2-тарауда көрсетілген саннан аспауы тиіс.

3-ТАРАУ. АКЦИЯҒА ҚАТЫСУ ЖӘНЕ ҚАҚПАҚТАРДЫ АЙЫРБАСТАУ ТӘРТІБІ

Өнімді 2019 жылғы 1 қараша мен 2020 жылғы 15 қаңтар аралығында сатып алыңыз да, қоймада бар болған жағдайда 2 500 000 Сусындардың біреуін жеңіп алу үшін 2 Қақпақты немесе қоймада бар болған жағдайда 500 000 Ойыншықтардың біреуін жеңіп алу үшін 3 Қақпақты Промо Орталықтардың біріне 2020 жылғы 31 қаңтарына дейін (қоса алғанда) әкеліңіз.

Тану мақсатында Промо Орталықта «ҚАҚПАҚТАРДЫ ОСЫ ЖЕРДЕ АЙЫРБАСТА» деген жазуы орналастырылады.

Назар аударыңыз! Әрбір аймақтағы/қаладағы/Промо Орталықтағы Жүлделердің жалпы саны Ұйымдастырушы немесе Ұйымдастырушының Акцияны ұйымдастыруға тартқан тұлғасы өз ұйғаруынша анықтаған санмен шектелген. Жүлде(лер)іңізды сұранып алуға асығыңыз! Промо Орталықтағы соңғы қалған Жүлде осы Ресми Ережелерге сәйкес «бірінші болып келгенге бірінші кезекте қызмет көрсетіледі» деген қағида бойынша тиісті Қатысушыға беріледі.

Бір тұлға Акцияның бір күні ішінде ең көбі 10 (он) Жүлде ала алады.

Қатысушылардан Қалаулы Қақпақтарды  айырбастауға қабылдау 2020 жылғы 31қаңтарына дейін (қоса алғанда) кез келген Промо Орталықта, сол Промо Орталықта аталған күнге дейін Жүлделер қалған жағдайда, жүргізіледі. Осылайша, Қалаулы Қақпақтарды Жүлде(лерге) айырбастау үшін кез келген Қатысушы(лар)дан қабылдау кез келген аймақтағы/қаладағы кез келген Промо Орталықтағы Жүлделердің осы 3-тарауда көрсетілген жалпы саны 2020 жылғы 31 қаңтарына бұрын Қатысушылар арасында таратылып кеткен болса, бұл күннен бұрын тоқтатылуы мүмкін.

Ұйымдастырушы Акцияның өткізілуі кезеңінде Қалаулы Қақпақтардың үздіксіз бар болуына кепілдік бермейді.

ЖАУАПКЕРШІЛІКТІҢ ШЕКТЕЛУІ!

Ұйымдастырушы немесе оның уәкілетті тұлғалары мынадай құқықты сақтап қалады: (а) келесі құжаттарды (і) Сусын(дар)ға айырбастау үшін ұсынылған Қалаулы Қақпақтардың санынан кем түспейтін Өнімдердің Акцияны өткізу мерзімі ішінде сатылып алынғанын растайтын құжаттарды/чектер (әрі қарай – «Растаушы құжаттар»), (іі) Жүлде(лер)ді алуға келген кез келген Қатысушылардың және (немесе) Қатысушылардың заңды өкілдерінің (Қазақстан Республикасының заңнамасында анықталғандай)  жеке куәлігінің көшірмесін талап ету,  және (б) Ұйымдастырушының талабы бойынша Растаушы құжаттарды немесе осы Тарауда көрсетілген басқа да құжаттарды ұсына алмаған кез келген Қатысушыға Жүлде(лерді) беруден бас тарту, және (в) Акцияның бір күннің ішінде кез келген Қатысушыға Қалаулы Қақпақтарды 10 (оннан) артық Жүлдеге айырбастаудан бас тарту.

Егер Ресми ережелерде басқасы ескертілмесе, Ұйымдастырушы Қатысушылардың  Қалаулы Қақпақтарды Промо Орталықтарға алып келіп, оларды Промо Орталықтарда айырбастауына және (немесе) Акцияға қатысуына байланысты болуы мүмкін шығыны мен шығысы үшін ешқандай жауапты емес.

МАҢЫЗДЫ ЕСКЕРТУ

ҰЙЫМДАСТЫРУШЫ АКЦИЯ ӨТКІЗУ КЕЗІНДЕ ҰСЫНҒАН ЖҮЛДЕ ЕШБІР ЖАҒДАЙДА САТЫЛМАУЫ НЕМЕСЕ ҚАЙТА САТЫЛМАУЫ ТИІС. ОСЫ ШАРТҚА ҚАЙШЫ КЕЛЕТІН КЕЗ КЕЛГЕН САТУ ӘРЕКЕТІ «THE COCA-COLA COMPANY» КОМПАНИЯСЫНА ТИЕСІЛІ ТАУАР БЕЛГІЛЕРІН ЗАҢҒА ҚАЙШЫ ПАЙДАЛАНУ РЕТІНДЕ ҚАРАСТЫРЫЛАДЫ ЖӘНЕ БҰЛ ЖАҒДАЙДА КОМПАНИЯ  ӨЗ ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ЗАҢСЫЗ ӘРЕКЕТТЕРДІ ТОҚТАТУ ҮШІН ҚАЖЕТТІ ДЕП САНАЙТЫН КЕЗ КЕЛГЕН ЖӘНЕ БАРЛЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЫҚПАЛ ЕТУ ШАРАЛАРЫН  ҚОЛДАНУҒА ҚҰҚЫЛЫ.

4-ТАРАУ. АКЦИЯҒА ҚАТЫСУҒА РҰҚСАТ ЕТУ ЕРЕЖЕЛЕРІ

Осы Акцияға Қазақстан Республикасының 14 жасқа толған барлық тұрғындары қатыса алады.

Төменде аталған заңды және жеке тұлғалар осы Акцияға қатыса алмайды:

1) «TheCoca-ColaCompany» компаниясы (әрі қарай – «ТССС»), Қазақстан Республикасында өкілдігі бар «Coca-ColaCISServicesLtd.» компаниясы (Қазақстан), Ұйымдастырушы;

2) Акциямен байланысы бар кез келген заңды тұлға, жеке кәсіпкер немесе жеке тұлға, сондай-ақ оған қатысушы дистрибьюторлар, тапсырыс берушілер немесе сауда орындары (болған жағдайда);

3) жоғарыдағы 1) және 2) тармақтарда аталған барлық жұмыскерлері, еншілес компаниялары, үлестес тұлғалары, жергілікті өкілдері;

4) жоғарыдағы 1), 2) және 3) тармақтарда аталған барлық тұлғалардың жақын туыстары мен жұбайлары-зайыптары.

5-ТАРАУ. Жүлделерді ОЛАРДЫҢ ҚҰНЫНЫҢ АҚШАЛАЙ БАЛАМАСЫНА АУЫСТЫРУДЫҢ МҮМКІН ЕМЕСТІГІ

Ешбір жағдайда Жүлделер олардың  құнының ақшалай баламасына ауыстырылмайды.

6-ТАРАУ. ҚАҚПАҚТАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫ АЙЫРБАСТАУ БОЙЫНША ТАЛАПТАР

1) Жүлделер, Ұйымдастырушымен шынайы болып танылған, Ұйымдастырушының өндірістік желілерінде Өнімнің тығындау құралы ретінде пайдаланылған Қалаулы Қақпақтар   (осы Ресми ережелердің 1-тарауында жазылғандай); және Растаушы құжаттарды Қатысушы табыстағанжағдайда егер Ұйымдастырушы немесе оның уәкілетті тұлғалары жоғарыдағы 3-тарауға сәйкес Растаушы құжаттарды талап ететін болса Қатысушыларға беріледі.

2) Барлық өтініштержәне табысталған Қалаулы Қақпақтар Промо Орталықпен және (немесе) Ұйымдастырушымен тексеріледі. Промо Орталық және (немесе) Ұйымдастырушы өзінің ұйғарымы бойынша негізсіз деп таныса, немесе қандай да бір себептер бойынша Қақпақ шынайы Қалаулы Қақпақ болып табылмаса немесе табысталған кез келген Растаушықұжат жарамсыз деп есептеуге ақылға қонымды негіздер болса, кез келген өтінішті қабыл алмауға құқылы. Қақпақтардың шынайылығына қатысты дау туындаған жағдайда Ұйымдастырушының шешімі ақырғы болып табылады.

3) Ұйымдастырушы Қақпақ ішінде және/немесе сыртында Ұйымдастырушыға Қатысушымен табысталған Қалаулы Қақпақтың шынайы немесе шынайы еместігін нақты анықтау мүмкіндігін беретін бір немесе бірнеше құпия немесе жасырын таңбаны және/немесе сандарды және/немесе әріптерді (әрі қарай – «Таңба(лар)») басуға, мөрлеуге, нақыштауға немесе кез келген өзге әдіспен қондыруға құқылы.

4) Дау туындаған жағдайда Ұйымдастырушы осы Ресми ережелердің 3-тарауында аталған Қақпақтарды айырбастау талаптарын қоюдың шекті мерзімі аяқталғанға дейін Таңба(лар) туралы деректерді жарияламауға құқылы. Акцияға қатыса отырып Қатысушы Ұйымдастырушының осы құқығына қарсы еместігін және қарсы болмайтынын растайды.

5) Ұйымдастырушы өзінің ұйғарымы бойынша Қақпақ қандай да бір бұрмалауға немесе өзгертулерге ұшыраған, қолдан жасалған, зақымданған, тырналған, сырылған және (немесе) кір немесе ластанған немесе баспа, баспагерлік немесе өзге қателері бар немесе қолға құқық бұзушылық нәтижесінде тиген және (немесе) қандай да бір өзге себептер бойынша осы Ресми ережелердің талаптарына сәйкес келмейді деп есептеген жағдайда, ол Қақпақты жарамсыз (әрі қарай – «Жарамсыз Қақпақ(тар)») деп тануға құқылы. Ұйымдастырушы Жарамсыз Қақпаққа(тарға) байланысты кез келген талаптарды орындаудан бас тартуға құқылы.

6) Таңбасы(лары) бар Қақпақтың(тардың) жарамдығына және (немесе) Қақпақтарды айырбастау жөніндегі талаптардың негіздігіне қатысты даулар туындаған жағдайда Ұйымдастырушының осы Ресми ережелердің осы 6-тарауында жоғарыда көзделген Таңбалар жүйесіне негізделген шешімі ақырғы болып табылады.

7) Ұйымдастырушы Қалаулы Қақпақтардың иесі кім екенін анықтау бойынша міндеттеме алмайды. Қалаулы Қақпақтарды Ұйымдастырушыға және/немесе Промо Орталыққа табыстаған Қатысушы олардың шынайы иесі болып саналады. Акция бойынша Жүлденің(лердің) берілуі осы алдын ала қойылған шартқа негізделеді.

8) Ұйымдастырушы және (немесе) Промо Орталық Жарамсыз және (немесе) қабылданбаған Қақпақтар бойынша хат-хабар алысуға немесе қандай да бір түсініктемелер беруге міндетті емес.

9) Егер Ұйымдастырушының немесе оның тағайындаған тұлғаларының пікірі бойынша Жүлдені алу құқығы туралы хабарлап отырған Қатысушы кәмелетке (18 жасқа жетпеген) толмаған болса, онда Ұйымдастырушы және (немесе) Промо Орталық кәмелетке толмаған Қатысушының заңды өкілінің (Қазақстан Республикасының заңнамасында анықталғандай) Акцияға қатысуға нотариуста куәландырылған келісімін талап етуге немесе Жүлдені алу үшін заңды өкілінің біреуінің өзі келуін талап етуге құқылы (бірақ міндетті емес).

10) Ұйымдастырушы және/немесе Промо Орталықтар кез келген Қатысушыдан оның жасын растайтын құжатты талап етуге құқылы  (бірақ міндетті емес) және Сусын(дар)ды жасы осы Ресми ережелердің 4-тарауында  көрсетілген ең төмен жасқа жетпеген Қатысушыға (құжатпен расталған немесе Ұйымдастырушы және/немесе Промо Орталықтың пікірі бойынша анықталған) беруден бас тартуға құқылы.

7-ТАРАУ. СТАНДАРТТЫ ЕМЕС ҚАҚПАҚТАР ЖӘНЕ ӨНДІРІСТІК АҚАУЛАРЫ БАР ҚАҚПАҚТАР

«The Coca-Cola Company» Компаниясы (әрі қарай – «ТССС»),  олардың жергілікті өкілдері, Ұйымдастырушы, дистрибьюторлар, тапсырыс берушілер, Акцияны өткізуге қатысатын сауда орындары, жарнама агенттіктері және Акциямен байланысты өзге тұлғалар, Ұйымдастырушының аймақтық бөлімшелері, сондай-ақ жоғарыда аталған қандай да бір тұлғаның үлестес тұлғалары не бірге, не жеке-жеке Қақпақтағы қате теру және/немесе басқа қате, және/немесе Қақпақтың және/немесе оның тығыздамасының өндірістік ақаулығы, және/немесе қандай да бір себеп салдарынан, соның ішінде Қақпақтағы зауыттық ақау салдарынан болған Қақпақтың қандай да бір өзге зақымдануы, және/ немесе Таңбаның(лардың) түсініксіз болғаны үшін жауапты емес.

8-ТАРАУ. ҚАТЫСУШЫЛАРДЫҢ КЕЛІСІМІ

Жүлденің(лердің) беру аудио жазба, фото, видео түсіружәне БАҚ-тың қатысуымен бұқаралық жиын ретінде ұйымдастырылуы мүмкін. Осы Акцияға қатыса отырып, Қатысушы(лар), егер ол Жүлделерді алушы(лар) болса, олардың аты-жөндері, мекенжайлары мен фото/видео бейнелері жариялануы және  Ұйымдастырушы тарапынан аудио, фото және видео материалдарда оның өз ұйғарымы бойынша қандай да бір өтемақысыз қолданылуы мүмкін екеніне келісімін береді.

Тиісті көпшілік жиын ұйымдастырылған жағдайда Ұйымдастырушы Сусын алушы(лар)ға еріп жүруші тұлғаларды осы алдын ала қойылған шарт туралы хабардар етеді және тиістікелісімін алады

Жүлдені алуға келген әр Қатысушы оның аты-жөні, сондай-ақ  фото/видео бейнелері мен аудио жазбалары Ұйымдастырушы өз ұйғарымы бойынша қажет деп тапқан нысанда жариялануы мүмкін екеніне және оларды Ұйымдастырушы аудио, фото және видео материалдарда Қатысушылардан қандай да бір қосымша келісім немесе рұқсат алмастан, Қатысушыларға қандай да бір өтемақы төлеместен және оларға келешекте хабар берместен қолдана алатынына келісімін береді.  

9-ТАРАУ. САЛЫҚТАР

Қатысушылардың Жүлделерді алуы барысында туындауы мүмкін жеке тұлғалардан алынатын  жеке табыс салығы қажет болған жағдайда Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Ұйымдастырушымен төленеді.

Барлық өзге төлемдер, соның ішінде бюджетке міндетті төлемдер, сондай-ақ Қатысушылардың Жүлдені(лерді) алуына байланысты туындауы мүмкін өзге шығындар мен шығыстар Жүлдені(лерді) алатын Қатысушымен өз бетінше төленеді.

10-ТАРАУ. АКЦИЯНЫҢ РЕСМИ ЕРЕЖЕЛЕРІ

Сіз Ресми ережелерді www.coca-cola.kz сайтында (әрі қарай – «Веб-сайт») таба аласыз. Сонымен қатар,  Ресми ережелер кейбір Промо Орталықта(тарда) орналастырылуы мүмкін.

Толығырақ ақпарат алу үшін Жедел желі бойынша хабарласыңыз: + 7(727) 2506092 (Алматы қаласындағы тұтынушылар үшін) және/немесе 8 8000702011 (қоңырау шалу тегін) немесе Веб-сайтқа кіріңіз.

11-ТАРАУ. THE COCA-COLA COMPANY (TCCC) ТАУАР БЕЛГІЛЕРІ

Осы Ресми ережелердегі ештеңе Қатысушыға TCCC тауар белгілерін иеленуге немесе олардан пайда табуға құқықтың берілуі ретінде қарастырылмауы тиіс. Ресми ережелердің шарттары да, Акцияға қатысу да Қатысушыға (ТССС алдын ала жазбаша келісімінсіз) ТССС немесе Ұйымдастырушының атауын, эмблемасын, тауар белгілерін немесе авторлық құқықтарын маркетингтік немесе жарнамалық мақсаттарда және осы Акцияны өткізуге қатысы жоқ және оның аясынан тыс кез келген өзге  мақсаттарда пайдалануға немесе атауға құқық бермейді. Қатысушы ТССС тауар белгілерінің немесе ТССС компаниясының оларға меншік құқығының жарамдылығын мойындайды және оған ешқашан күмән келтірмейді.

Қатысушы Ресми ережелердің ТССС тауар белгілеріне қатысты құқықтарды сақтау жөніндегі талаптарын бұзған жағдайда Ұйымдастырушы Ұйымдастырушының және/немесе ТССС компаниясының және ТССС тауар белгілері бар тауарларды қандай да бір аумақта өндіретін және/немесе дистрибьютор болатын қандай да бір өзге авторластырылған тұлғаның сондай бұзушылық салдарынан пайда болған шығынның өтелуін талап етуге, ал Қатысушы Ұйымдастырушының бірінші талабы бойынша өтеуді міндетіне алады.

Осы 11-тармақ Акцияны өткізу аяқталғаннан кейін де қолданыста болады.

12-ТАРАУ. КҮШІН ЖОЮ НЕМЕСЕ ӨЗГЕРТУЛЕР ЕНГІЗУ

Ұйымдастырушы кез келген уақытта Акцияның Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында сол сияқты өзінің қалауы бойынша кез-келген аймақта (қалада, ауылда және т.б.), және/немесе елді мекенінде де күшін жою, тоқтату, қайта жалғастыру,  уақытын ұзарту және осы Ресми ережелерді өзгерту құқығын сақтап қалады.

Ұйымдастырушы Қатысушыларды осындай өзгертулер туралы Ұйымдастырушының жеке ұйғарымы бойынша таңдалған республикалық баспасөз басылымында немесе Веб-сайтта хабарлама («Хабарлама») беру жолымен хабардар етуге құқылы. Ондай Хабарлама тұтынушыларды Акцияның және осы Ресми ережелердің күшін жою, ұзарту, қайта жалғастыру немесе өзгерту туралы хабардар ету үшін жеткілікті деп танылады.

АКЦИЯҒА ҚАТЫСА ОТЫРЫП БАРЛЫҚ ҚАТЫСУШЫЛАР ОСЫ РЕСМИ ЕРЕЖЕЛЕРДІҢ МӘТІНІМЕН МҰҚИЯТ ТАНЫСЫП ШЫҚҚАНДАРЫН ЖӘНЕ РЕСМИ ЕРЕЖЕЛЕРДІ ҚАНДАЙ ДА БІР ШЕКТЕУЛЕРСІЗ НЕМЕСЕ ЕРЕКШЕЛІКТЕРСІЗ САҚТАУҒА КЕЛІСЕТІНДЕРІН АВТОМАТТЫ ТҮРДЕ РАСТАЙДЫ.

«COCA-COLA», «COKE», «COCA-COLA ZERO», «COKE ZERO», Fanta, SpriteКонтурлы бөтелке, Серпінді толқын «The Coca-Cola Company» компаниясының (Дзе Кока-Кола Компани) тіркелген тауар белгілері болып табылады.