«ЖАҢА ЖЫЛ COCA-COLA-МЕН БІРГЕ » АКЦИЯСЫНЫҢ РЕСМИ ЕРЕЖЕЛЕРІ

 

«Жаңа Жыл 2019» акциясы (әрі қарай – «Акция») 2018 жылдың 12 қарашасынан  бастап 2019 жылдың 31 қаңтарына дейінгі (екі күнді қоса алғанда) кезеңде , A05D0G0, Алматы қ., Алмалы ауданы, Гоголь/Байзақов көш. 203/73 мекен-жайы бойынша тіркелген «Кока-Кола Алматы Боттлерс» БК ЖШС-мен (әрі қарай - «Ұйымдастырушы») Қазақстан Республикасының аумағында өткізіледі

 

1-ТАРАУ. АКЦИЯҒА ҚАТЫСАТЫН ӨНІМ

Акцияға қатысушы (әрі қарай – «Қатысушы») болу үшін Ұйымдастырушымен жоғарғы жағында қызыл түспен өндірілген алтын түсті пластик арнайы қақпағы бар  (әрі қарай «Қақпақ(тар)») сыйымдылығы 2 литр пластик шөлмектегі «Coca-Cola Classic», сыйымдылығы 1,75 литр «Қантсыз Coca-Cola», «Fanta» Апельсин немесе  «Sprite» алкогольсіз сусынын (әрі қарай – «Өнім») сатып алу қажет.

Барлық өтініштер мен табысталған Қақпақтар Ұйымдастырушының тексерісінен өтеді. Қақпақтың(тардың) шынайылығына қатысты  қандай да бір даулар туындаған жағдайда Ұйымдастырушының шешімі ақырғы болып табылады.

 

2-ТАРАУ. ЖҮЛДЕЛЕР СИПАТТАМАСЫ

1) 1 187 961 (бір миллион бір жүз сексен жеті мың тоғыз жүз алпыс бір) қызғылт, сары немесе қызғылт-сары неон стақандардың бірі (бұдан әрі – «Стақан(дар)») Акцияға қатысатын белгілі Промо орталығында (әрі қарай – «Промо Орталық(тар)») олардың болған жағдайында Сіздікі болуы мүмкін.

2) Акцияның Ресми ережелеріне (әрі қарай – «Ресми ережелер») сәйкес, Қатысушыларға берілетін Стақандардың жалпы саны 1 187 961 (бір миллион жүз сексен жеті мың тоғыз жүз алпыс бір).   

Ешбір жағдайда Стақадардың жалпы саны осы 2-тарауда көрсетілген саннан аспауы тиіс.

 

3-ТАРАУ. АКЦИЯҒА ҚАТЫСУ ЖӘНЕ ҚАҚПАҚТАРДЫ АЙЫРБАСТАУ ТӘРТІБІ

 Өнімнің 3 Қақпағын жинап, 2018 жылдың 12 қараша мен 1 наурыз аралығында Промо Орталықтарының біріне оларды әкеліңіз де, түстер Промо Орталықта болған жағдайда, орнына 1 (бір) Стақан алуының мүмкіндігіне жетіңіз.

Тану мақсатында Промо Орталықта «ҚАҚПАҚТАРДЫ ОСЫ ЖЕРДЕ АЙЫРБАСТА» жазуы орналастырылады.

 

 

Назар аударыңыз! Әрбір аймақтағы/қаладағы/Промо Орталықтағы Стақандардың жалпы саны Ұйымдастырушымен немесе Ұйымдастырушының шешімімен Акцияның ұйымдастырылуына қатыстырылған тұлғамен біржақты тәртіпте анықталған санмен шектелген. ӨЗ СТАҚАНДАРЫҢЫЗДЫ СҰРАНЫП АЛУҒА АСЫҒЫҢЫЗ! Промо Орталықтағы соңғы Стақан осы Ресми Ережелерге сәйкес «бірінші болып келген бірінші болып қызмет алады» қағидасы бойынша Қатысушыға беріледі.

Бір тұлға Акцияның бір күні ішінде ең көбі 10 (он) Стақан ала алады.

Қатысушылардан Қақпақтарды  айырбастау үшін қабылдау 2019 жылдың 1 наурызына дейін қоса алғанда кез-келген Промо Орталықта сол Промо Орталықта аталған күнге дейін Стакандар қалған жағдайда жүргізіледі. Сол себепті, Қақпақтарды Стақандарға айырбастау үшін кез-келген Қатысушы(лар)дан қабылдау кез-келген аймақтағы/қаладағы кез-келген Промо Орталықтағы Стақандардың осы 3-тарауда көрсетілген жалпы саны 2019 жылы 1 наурызынан бұрын Қатысушылар арасында таратылып кеткен болса, бұл күннен бұрын тоқтатылуы мүмкін.

Ұйымдастырушы Акцияның өткізілуі кезеңінде Қақпақтардың үздіксіз бар болуына кепіл болмайды.

 

ЖАУАПКЕРШІЛІКТІҢ ШЕКТЕЛУІ!

Ұйымдастырушы немесе оның өкілетті тұлғаларының құқықтары: (а) келесі құжаттарды талап ету (і) Стақанндарға айырбастау үшін ұсынылған Қақпақтардың санынан кем түспейтін Өнімдердің Акцияны өткізу мерзімі ішінде сатылып алынғандығын растайтын құжаттар/чектер (әрі қарай – «Растаушы құжаттар»), (іі) Стақандарды алу үшін сұранған кез-келген немесе барлық Қатысушылардың және/немесе жасы 14-ке толмаған Қатысушының заңды өкілінің (Қазақстан Республикасының заңнамасында анықталғандай)  жеке куәлігінің көшірмесі,  және (б) Ұйымдастырушы талабы бойынша Растаушы құжаттарды немесе осы Тарауда көрсетілген басқа да құжаттарды ұсына алмаған кез-келген Қатысушыға Стақандарды беруден бас тарту және (в) Акцияның бір күні ішінде кез-келген Қатысушыға Қақпақтарды 10 (оннан) артық Стақандарға айырбастаудан бас тарту.

Егер Ресми Ережелерде басқаша көрсетілмесе, Ұйымдастырушы Қатысушылардың  Қақпақтарды Промо Орталықтарына алып келіп, оларды Промо Орталықтарда айырбастауына және/немесе Акцияға қатысуына байланысты кеткен шығындары мен шығыстары үшін жауапты емес.

 

МАҢЫЗДЫ ЕСКЕРТУ

ҰЙЫМДАСТЫРУШЫМЕН АКЦИЯ БОЙЫНША ҰСЫНЫЛҒАН СТАҚАНДАР ЕШБІР ЖАҒДАЙДА САТЫЛМАУЛАРЫ НЕМЕСЕ ҚАЙТА САТЫЛМАУЛАРЫТИІС. ОСЫ ШАРТҚА ҚАЙШЫ КЕЛЕТІН КЕЗ-КЕЛГЕН САТУ ӘРЕКЕТІ «THE COCA-COLA COMPANY» КОМПАНИЯСЫНА ТИЕСІЛІ ТАУАР БЕЛГІЛЕРІН ЗАҢНАН ТЫС ҚОЛДАНУ РЕТІНДЕ ҚАРАСТЫРЫЛАДЫ ЖӘНЕ БҰЛ ЖАҒДАЙДА КОМПАНИЯ  ӨЗ ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ЗАҢСЫЗ ӘРЕКЕТТЕРДІҢ ТОҚТАТЫЛУЫ  ҮШІН ҚАЖЕТТІ ДЕП САНАЙТЫН КЕЗ-КЕЛГЕН ЖӘНЕ БАРЛЫҚ ЫҚПАЛ ЕТУДІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ШАРАЛАРЫН  ҚОЛДАНУҒА ҚҰҚЫЛЫ.

 

4-ТАРАУ. АКЦИЯҒА ҚАТЫСУ ЕРЕЖЕЛЕРІ

 Осы Акцияға Қазақстан Республикасының14 жасқа толған барлық тұрғындары қатыса алады.

Төменде аталған заңды және жеке тұлғалар осы Акцияға қатыса алмайды:

1) «The Coca-Cola Company» компаниясы (әрі қарай – «ТССС»), Қазақстан Республикасында өкілдігі бар «Coca-Cola CIS Services Ltd.» компаниясы (Қазақстан), Ұйымдастырушы;

2) Акциямен байланысы бар кез-келген заңды тұлға, жеке кәсіпкер немесе жеке тұлға және қатысушы дистрибьютерлер, тапсырыс берушілер немесе сауда орындары (болған жағдайда);

3) жоғарыдағы 1) және 2) тармақтарда аталған барлық тұлғалардың  жұмыскерлері, еншілес компаниялары, үлестес тұлғалары, жергілікті өкілдері

4) жоғарыдағы 1), 2) және 3) тармақтарында аталған тұлғалардың  жақын туысқандары. және ерлі-зайыптылары.

5-ТАРАУ. СТАҚАНДАРДЫҢ ҚҰНЫНЫН АҚШАЛАЙ БАЛАМАСЫНА АУЫСТЫРУДЫҢ МҮМКІН ЕМЕСТІГІ

Ешбір жағдайда Стақандар  құнының ақшалай баламасына ауыстырылмайды.

 

6-ТАРАУ. ҚАҚПАҚТАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫ АЙЫРБАСТАУ ЖӨНІНДЕ ТАЛАПТАР

1) Стақандар Ұйымдастырушымен шынайы болып танылған, Ұйымдастырушының өндірістік желілерінде Өнімнің тығындау құралы ретінде пайдаланылған 3 Қақпақтарды табыстаған (осы Ресми Ережелердің 1-тарауында жазылғандай) және  Ұйымдастырушы немесе оның өкілетті тұлғалары жоғарыдағы 3-тарауға сәйкес Растаушы Құжаттарды талап еткен жағдайда көрсете алған Қатысушыларға беріледі.

2) Барлық өтініштер және табысталған Қақпақтар Промо Орталықпен және/немесе Ұйымдастырушымен тексеріледі. Промо Орталық және/немесе Ұйымдастырушы өзінің ұйғарымы бойынша негізсіз деп таныса, немесе қандай да бір себептер бойынша Қақпақ шынайы Қақпақ болып табылмайды немесе табысталған кез-келген құжат жарамсыз деп есептеуге есті негіздер болса, кез-келген өтініштің орындауынан бас тартуға құқылы. Қақпақтардың шынайылығына қатысты даулар туындаған жағдайда Ұйымдастырушы шешімі ақырғы болып табылады.

3) Ұйымдастырушы Қақпақ ішінде және/немесе сыртында Ұйымдастырушыға Қатысушымен табысталған Қақпақтың шынайы немесе шынайы еместігін нақты анықтау мүмкіндігін беретін бір немесе бірнеше құпия немесе жасырын таңбаны және/немесе сандарды және/немесе әріптерді (әрі қарай – «Таңба(лар)») басуға, мөрлеуге, нақыштауға немесе кез-келген өзге әдіспен қондыруға құқылы.

4) Дау туындаған жағдайда Ұйымдастырушы осы Ресми Ережелердің 3-тарауында аталған Қақпақтарды айырбастау талаптарын қоюдың шекті мерзімі аяқталғанға дейін Таңба(лар) туралы деректерді жарияламауға құқылы. Акцияға қатыса отырып Қатысушы Ұйымдастырушының осы құқығына қарсы еместігін және қарсы болмайтындығын растайды.

5) Ұйымдастырушы өзінің ұйғарымы бойынша Қақпақ қандай да бір бұрмалауға немесе өзгертулерге тап болған, жасанды, зақымданған, тырналған, сырылған және/немесе кір немесе ластанған немесе баспа, баспагерлік немесе өзге қателері бар немесе қолға құқық бұзушылық нәтижесінде тиген және/немесе қандай да бір өзге себептер бойынша осы Ресми Ережелердің талаптарына сәйкес келмейді деп есептеген жағдайда Қақпақты жарамсыз (әрі қарай «Жарамсыз Қақпақ(тар)») деп тануға құқылы. Ұйымдастырушы Жарамсыз Қақпаққа(тарға) байланысты кез-келген талаптарды орындаудан бас тартуға құқылы.

6) Таңбасы(лары) бар Қақпақтың(тардың) жарамдығына және/немесе Қақпақтарды айырбастау жөніндегі талаптардың негіздігіне қатысты даулар туындаған жағдайда Ұйымдастырушының осы Ресми Ережелердің осы 6-тарауында жоғарыда көзделген Таңбалар жүйесіне негізделген шешімі ақырғы болып табылады.

7) Ұйымдастырушы Қақпақтардың иесі кім екенін анықтауға өзіне міндеттеме алмайды. Қақпақтарды Ұйымдастырушыға және/немесе Промо Орталыққа табыстаған Қатысушы олардың шынайы иесі болып саналады. Стақан(дар)дың берілуі осы алдын ала қойылған шартқа негізделеді.

8) Ұйымдастырушы және/немесе Промо Орталық Жарамсыз және/немесе қабылданбаған Қақпақтар бойынша хат-хабар алысуға немесе қандай да бір түсініктемелер беруге міндетті емес.

9) Егер Ұйымдастырушының немесе оның өкілетті тұлғаларының пікірі бойынша Стақанды алу құқығы туралы хабарлап отырған Қатысушы кәмелетке (14 жасқа) толмаған болса, Ұйымдастырушы және/немесе Промо Орталық кәмелетке толмаған Қатысушының заңды өкілінің (Қазақстан Республикасының заңнамасында анықталғандай) Акцияға қатысуға нотариуспен куәландырылған келісімін  талап етуге немесе Стақанды алу үшін заңды өкілінің біреуінің өзі келуін талап етуге құқылы (бірақ міндетті емес).

10) Ұйымдастырушы және/немесе Промо Орталықтар кез-келген Қатысушыдан оның жасын растайтын құжатты талап етуге құқылы  (бірақ міндетті емес) және Стақан(дар)ды жасы осы Ресми Ережелердің 4-тарауында  көрсетілген ең төмен жасқа жетпеген Қатысушыға (құжатпен расталған немесе Ұйымдастырушы және/немесе Промо Орталықтың пікірі бойынша анықталған) беруден бас тартуға құқылы.

 

7-ТАРАУ. СТАНДАРТТЫ ЕМЕС ҚАҚПАҚТАР ЖӘНЕ ӨНДІРІСТІК АҚАУЛАРЫ БАР ҚАҚПАҚТАР

«The Coca-Cola Company» Компаниясы (әрі қарай – «ТССС»), «Coca-Cola CIS Services Ltd.» компаниясының өкілдігі  (Қазақстан), олардың жергілікті өкілдері, Ұйымдастырушы, дистрибьюторлар, тапсырысшылар, Акцияны өткізуге қатысатын сауда орындары, жарнамалық агенттіктер және Акциямен байланысты өзге тұлғалар, Ұйымдастырушының аймақтық бөлімшелері және жоғарыда аталған қандай да бір тұлғаның үлестес тұлғалары бірлесіп те, жекелеп те қате теру және/немесе өзге қате және/немесе Қақпақтың және/немесе оның тығыздамасының өндірістік ақаулығы және/немесе қандай да бір себеп салдарынан, соның ішінде қақпақтағы зауыттық ақау салдарынан болған Қақпақтың қандай да бір өзге зақымдануы және/немесе Таңбаның(лардың) түсініксіздігі үшін жауапты емес.

 

8-ТАРАУ. ҚАТЫСУШЫЛАРДЫҢ КЕЛІСІМІ

Стақандарды беру бұқаралық жиын ретінде ұйымдастырылып, онда аудио жазба, фото және видео түсіріл жүргізілуі мүмкін. Осы Акцияға қатыса отырып, Қатысушы(лар) және ол  Стақан алушы(лар) болса олардың аты-жөндері және фотосуреттері бұқараға жарияланып, Ұйымдастырушы тарапынан олардың аты-жөні, мекен-жайы және аудио, фото және видео материалдарда оның өз ұйғарымы бойынша қандай да бір өтемақысыз қолданылуы мүмкін екендігімен келіседі деп есептеледі.  

Тиісті бұқаралық жиын ұйымдастырылған жағдайда Ұйымдастырушы Сусын алушы(лар)дың еріп жүруші тұлғаларын осы алдын ала қойылған шарт туралы хабардар етеді және сәйкес келісімін алады

Стақанды алуға сұранған әр Қатысушы оның аты-жөні, соңдай-ақ  фото/видео бейнелері мен аудио баспалары Ұйымдастырушы өз ұйғарымы бойынша қажет деп тапқан формада жарияланатын бола алады және Ұйымдастырушы оларды өз тарапынан аудио, фото және видео материалдарда Қатысушылардан қандай да бір қосымша келісім немесе рұқсат алмастан, Қатысушыларға қандай да бір өтемақы төлеместен және оларға келешекте хабар берместен қолдана алатынымен келіседі.   

 

9-ТАРАУ. САЛЫҚТАР

Қатысушылардың Стақандарды алуы барысында туындауы мүмкін жеке тұлғалардан алынатын  жеке табыс салығы қажет болған жағдайда Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Ұйымдастырушымен төленеді.

Барлық өзге төлемдер, соның ішінде бюджетке міндетті төлемдер және Қатысушылардың Стақан(дар)ды алуына байланысты туындауы мүмкін өзге шығындар мен шығыстар Стақан(дар)ды алатын Қатысушымен өз бетінше төленеді.

 

10-ТАРАУ. АКЦИЯНЫҢ РЕСМИ ЕРЕЖЕЛЕРІ

Сіз Ресми Ережелерді www.coca-cola.kz сайтында (әрі қарай – «Веб-сайт») таба аласыз. Сонымен қатар,  Ресми Ережелер кейбір Промо Орталықта(тарда) ілулі тұрады.

Толығырақ ақпаратты алу үшін Жедел желі бойынша хабарласыңыз: + 7(727) 2506092 (Алматы қ. тұтынушылар үшін) және/немесе 8 8000702011 (қоңырау шалу тегін) немесе Веб-сайтқа кіріңіз.

 

11-ТАРАУ. THE COCA-COLA COMPANY (TCCC) ТАУАР БЕЛГІЛЕРІ

Осы Ресми Ережелердегі ештеңе Қатысушы TCCC тауар белгілерін иеленуге немесе олардан пайда табуға құқылы бар ретінде қарастырылмауы тиіс. Ресми Ережелердің шарттары да, Акцияға қатысу да Қатысушыға (ТССС алдын ала жазбаша келісімінсіз) ТССС немесе ұйымдастырушының атауын, белгісін, тауар белгілерін немесе авторлық құқықтарын маркетингтік немесе жарнамалық мақсаттарда және осы Акцияны өткізуге қатысты емес және аясынан тыс кез-келген өзге  мақсаттарда пайдалану немесе атап өту құқығын бермейді. Қатысушы ТССС тауар белгілерінің немесе ТССС оларды иелену құқығының жарамдылығын мойындайды және ешқашан күмәнданбайды.

Қатысушы Ресми Ережелердің ТССС тауар белгілеріне қатысты құқықтарды сақтау жөніндегі талаптарын бұзған жағдайда Ұйымдастырушы талап етуге, ал Қатысушы Ұйымдастырушының бірінші талабы бойынша Ұйымдастырушының және/немесе ТССС-ның және ТССС тауар белгілері бар тауарларды қандай да бір аумақта өндіретін және/немесе дистрибьютор болатын қандай да бір өзге авторластырылған тұлғаның сондай бұзушылық салдарынан пайда болған шығындарын өтеуге міндеттенеді.

Осы 11-тармақ күшін Акцияны өткізу аяқталғаннан кейін де сақтап қалады.

 

12-ТАРАУ. КҮШІН ЖОЮ НЕМЕСЕ ӨЗГЕРТУЛЕР ЕНГІЗУ

Ұйымдастырушы кез-келген уақытта Акцияның бүкіл Қазақстан Республикасында да, Қазақстан Республикасының кез-келген аймағында және/немесе елді мекенінде (қалада, ауылда және т.б.) күшін жою, тоқтату, қайта жалғастыру немесе уақытын ұзарту және Ұйымдастырушы орынды деп санаған кез-келген мезетте осы Ресми Ережелерді өзгерту құқығын сақтап қалады.

Ұйымдастырушы Қатысушыларды осындай өзгертулер туралы Ұйымдастырушының жеке ұйғарымы бойынша таңдалған республикалық баспа құралында немесе Веб-сайтта хабарлама («Хабарлама») беру жолымен хабардар етуге құқылы. Ондай Хабарлама тұтынушыларды Акцияның және осы Ресми Ережелердің күшін жою, ұзарту, қайта жалғастыру немесе өзгерту туралы хабардар ету үшін жеткілікті деп танылады.

АКЦИЯҒА ҚАТЫСА ОТЫРЫП БАРЛЫҚ ҚАТЫСУШЫЛАР ОСЫ РЕСМИ ЕРЕЖЕЛЕРДІҢ МӘТІНІМЕН МҰҚИЯТ ТАНЫСЫП ШЫҚҚАНДЫҚТАРЫН ЖӘНЕ РЕСМИ ЕРЕЖЕЛЕРДІҢ ШАРТТАРЫМЕН ЖӘНЕ ТАЛАПТАРЫМЕН ҚАНДАЙ ДА БІР ШЕКТЕУЛЕРСІЗ НЕМЕСЕ ЕРЕКШЕЛІКТЕРСІЗ ДАУСЫЗ КЕЛІСЕТІНДІГІН АВТОМАТТЫ ТҮРДЕ РАСТАЙДЫ.

«COCA-COLA», «COKE», «COCA-COLA ZERO», «COKE ZERO», «FANTA», «SPRITE», Контурлы Бөтелке, Серпінді Толқын «The Coca-Cola Company» компаниясының (Дзе Кока-Кола Компани) тіркелген тауар белгілері болып табылады.